Kaspersky Security Center қолданбаларын қашықтан орнату тапсырмасы арқылы мәжбүрлеп орналастыру

Егер Желілік агенттерді немесе басқа қажетті бағдарламаларды дереу орналастыруды бастау қажет болса, құрылғылардың доменге кезекті кіруін күтпей немесе Active Directory доменінің мүшелері болып табылмайтын құрылғылар бар болса, Kaspersky Security Center қашықтан орнату тапсырмасы көмегімен таңдалған орнату пакеттерін күштеп орнатуды қолдануға болады.

Бұл ретте, құрылғылар айқын түрде (тізіммен) немесе өздері тиесілі болып табылатын Kaspersky Security Center басқару тобын таңдау немесе белгілі бір шарт бойынша құрылғы таңдауларын жасау арқылы көрсетілуі мүмкін. Орнатуды іске қосу уақыты тапсырма кестесімен анықталады. Тапсырманың сипаттарында Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу параметрі қосулы болса, тапсырма құрылғыларды қосу кезінде немесе оларды мақсатты басқару тобына көшіру кезінде бірден іске қосылуы мүмкін.

Бұл орнату тәсілі файлдарды құрылғылардың әрбірінің admin$ әкімшілік ресурсына көшіру жолымен және оларға қосымша қызметтерді қашықтан тіркеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда, келесі шарттар орындалуы керек:

Жұмыс топтарында орналасқан құрылғылар "Лаборатория Касперского" техникалық қолдау қызметінің порталында сипатталған riprep.exe утилитасының көмегімен жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілуі мүмкін.

Kaspersky Security Center басқару топтарында әлі орналастырылмаған жаңа құрылғыларға орнатқан кезде, қашықтан орнату тапсырмасының сипаттарында Желілік агентті орнату аяқталғаннан кейін құрылғылар көшірілетін басқару тобын белгілеуге болады.

Топтық тапсырманы жасау кезінде, топтық тапсырма таңдалған топтың барлық салынған ішкі топтарының құрылғыларына әсер ететінін есте ұстаған жөн. Сондықтан, орнату тапсырмаларын ішкі топтарда қайталамау керек.

Қолданбаларды күшпен орнату тапсырмаларын жасаудың жеңілдетілген тәсілін қолдануға болады – автоматты түрде орнату. Бұл үшін басқару тобының сипаттарында орнату пакеттерінің тізімінен осы топтың құрылғыларына орнатылуы тиісті пакеттерді таңдау керек. Нәтижесінде, осы топтың және оның ішкі топтарының барлық құрылғыларында, таңдалған орнату пакеттері автоматты түрде орнатылады. Пакеттер орнатылатын кезең, желінің өткізу қабілетіне және желідегі құрылғылардың жалпы санына байланысты.

Күшпен орнату құрылғылар тікелей Басқару серверіне қолжетімді болмаған жағдайда қолданылуы мүмкін: мысалы, құрылғылар оқшауланған желілерде орналасқан немесе құрылғылар жергілікті желіде, ал Басқару сервері - демилитаризацияланған аймақта орналасқан. Күштеп орнатудың жұмысқа қабілеттілігі үшін мұндай әрбір оқшауланған желінің тарату нүктелерінің болуын қамтамасыз ету қажет.

Жергілікті орнату орталықтары ретінде тарату нүктелерін қолдану ішкі желі ішінде құрылғылар арасында кең байланыс арнасы бар болған кезде тар байланыс арнасымен Басқару серверіне қосылған ішкі желілерде құрылғыларға орнату үшін де ыңғайлы болуы мүмкін. Алайда, бұл орнату тәсілі тарату нүктелері тағайындаған құрылғыларға айтарлықтай жүктеме жасайтынын ескерген жөн. Сондықтан, тарату нүктелері ретінде жоғары өнімді тасушылары бар қуатты құрылғыларды таңдау керек. %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit қалтасы бар бөлімде бос орын көлемі орнатылатын бағдарламалар дистрибутивтерінің жиынтық көлемінен бірнеше есе асып кетуі де қажет.

Басына оралу